Президент жанар-жағармай тапшылығына жол берген ведомстволардың жұмысын сынады

Энергетика

21:14 1 Қараша 2021

Ел Президент жанар-жағармай тапшылығына жол берген ведомстволардың жұмысын сынға алды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Өткен аптаның соңында мемлекет басшысы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қорды бірден азайтпау қажеттігін атап өтіп, ішкі нарықтағы жағдайды осындай келеңсіздікке әкеп соқтырған жауаптылардың жұмысын сынаған.

Өз кезегінде Мағзұм Мырзағалиев қазіргі уақытта ахалдың тұрақталып келе жатқанын мәлімдеді. Қазақстанда жанар-жағармай тапшылығының орнын толтыру үшін шұғыл шаралар қабылданған. Осыған байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары 2022 жылға шегерілген. Бұдан бөлек ресейлік тараппен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде шамамен 150 мың тонна дизель отыны көрші елден импортталуы тиіс. Сонымен қатар, министр ішкі нарықты сапалы жанар-жағармаймен және үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша жоспармен бөлісті.

Байболат Култанов

Бұдан әрі оқыңыз

Өңірде АИ-92-нің бағасы тағы да шарықтады
Қаладағы ірі сауда орталықтарына рейд жүргізілді