Спорт

“Qulager” ХК қарымта кездесуде жеңіске жетті

“Qulager” ХК қарымта кездесуде жеңіске жетті. Кеше жергілікті құрама сырт айдында елордалық “Snezhnie barsy” командасына 3 те 2 есебімен жеңілген болатын. Бүгін құрамамыз кеткен есені қайтарды. Солтүстікқазақстандық ұжым овертаймда қарсыластан жеңісті жұлып алды. Есеп 3 те 4. Матчта Владислав Болдин, Даниил Васильев көзге түсті. Сондай-ақ, Дамир Рамазанов дубль авторы атанды. Бұл кездесуден кейін “Qulager” турнирлік кестенің 6-шы сатысынан 5-шіге көтерілді. Келесі ойында теріскейлік хоккейшілер өскемендік “Altay-Torpedo”-мен күш сынасады. Матч қараша айының 5-6-сы күндері Петропавлда өтеді.

Бердимурат Баймухан