Қылмыс

Өңір полицейлері сабан ұрлығын ашты

Өңір полицейлері Тайынша ауданында орын алған сабан ұрлығын ашты. 18 бен 32 жас аралығындағы 7 солтүстікқазақстандық қос бірдей агроқұрылымның егістігінен 90 бума мал азығын қолды қылған. Оның 28-ін сатып, ақшаны қалталарына басып үлгеріпті. Ал қалғанын үйлерінің ауласына үйіп қойған. Ұсталған баукеспелерден 2 жеңіл көлік пен бір трактор және тіркеме тәркіленді. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Өзгенің дүниесіне көз тіккен пысықайлар 80 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды немесе қоғамдық жұмысқа тартылады.

Алдияр Айтпаев