Бизнес және экономика

Кәсіпкерлерге арналған тиімді жүйе

Үш компонентті интеграцияланған жүйеде кәсіпкерлер үшін бірнеше жеңілдік қарастырылған. Яғни, іскер жандар арнайы платформада электронды шот- фактураларды толтыру, тауарларды есепке алу, салық төлеу және тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарын тапсыру жұмысын бір платформада атқара алады. Оңтайландырылған жүйеде қызметкерлердің жалақысы туралы да ақпарат болады.

Жібек Күлікова, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы:

– ҮЖИ-де салықтық есепке алу модулі бар. Бүл жүйеде тауарлардың қозғалысы, сондай-ақ, салық есептілігін, оның ішінде қызметкерлердің жалақысы бойынша қалыптастыруға мүмкіндік беретін элементтер көрсетіледі. Бүл жүйе жеке кәсіпкердің салық міндеттемелерін есепке алуын және орындауын жеңілдетуге арналған.

Үш компонентті интеграцияланған жүйеге тіркелу үшін мынадай шарттарды орындаған жөн:

1) ҚР МКК сайтына «kgd.gov.kz» сілтемесі бойынша өтіп, үш компонентті интеграцияланған жүйе моделін толтыру;
2) Арнайы бағдарламаны орнату үшін модератормен байланысқа шығу;
3) Салық төлеушінің кабинетіне кіріп, үш компонентті интеграцияланған жүйе арқылы мемлекеттік кірістер органдарында тіркеуді жүргізу.

Айта кетейік, оңтайландырылған жүйе өткен жылдың басында іске қосылған.

Бердимурат Баймухан