ТЖ

Есіл ауданында «Зымыран-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

Есіл ауданына қарасты Покровка ауылы маңында «Зымыран-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Іс-шараға Төтенше жағдайлар департаментінің 84 қызметкері мен 43 бірлік техникасы жұмылдырылды. Арнайы жиында мамандар алдын ала әзірленген сценарий бойынша әрекет етті. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыранды ұшыру кезінде апат орын алады.

Осы сәтте құтқарушылар жедел қимылдап, апаттың зардабын ауыздықтайды және жақын маңдағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіреді. Эвакуациялық қабылдау пункті Покровкадағы ауылшаруашылығы колледжінде құрылған. Айта кетейік, мұндай оқу-жаттығу облысымыздың 6 ауданында ұйымдастырылды.

Алтынай Казиканова