Денсаулық сақтау

СҚО-да соңғы тәулікте 160-қа жуық адам коронавирус жұқтырып алды

Бүгінде облыс стационарларында 800-ге жуық адам ем қабылдап жатыр. Науқастардың жартысынан көбі – егде жастағы жандар. СҚО – қазанның 4-інен бері “қызыл” аймақта. Өңірдегі эпидахуал күннен-күнге ушығып барады. Соңғы тәулікте 156 адамның бойынан коронавирус анықталған. Басым бөлігі – облыс орталығының тұрғындары. Осы ретте ел көлеміндегі деректерді де баян етейік. Кеше 1700-ге жуық қазақстандық коронавирусқа шалдығып қалған. Вирус жұқтырғандардың саны бойынша алматылықтар көш бастап тұр.

Эльмира Садвокасова