Қылмыс

Петропавлда ер адам терминалды бұзып жатқан жерінде ұсталды

Ақша толы темір жәшікке қызығып кеткен болар, Петропавлда ер адам терминалды бұзып жатқан жерінде ұсталды. Жамбыл Жабаев пен Интернационал көшелерінің қиылысында тұрған аппаратты аша алмай жатқан жігіттің әрекеті туралы полицейлерге куәгерлер хабар берген. Қарақшылық жасағысы келген 27 жастағы жігіт осыған дейін сотты болған екен. Өзі – Екібастұз қаласының тумасы. Ұсталған сәтте мас болған. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Азат Зейнолов, қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны қызметінің ағаа инспекторы:

– Жедел-басқару орталығынан хабар келіп түсті. Оқиға орнына келген соң белгісіз ер адам ұсталды. Жедел-тергеу тобына тапсырылды.

Эльмира Садвокасова