ТЖ

Петропавлда 5 қабатты үйден өрт шықты

Бүгін Петропавлда көпқабатты үйден өрт шықты. Тілсіз жау Чайковский 13 мекен-жайы бойынша орналасқан нысанның 3-ші қабатындағы пәтерлердің бірінде бас көтерген. Құтқарушылар қызметтік саты арқылы 15 адамды эвакуациялады. Оның төртеуі – бала. Қызыл жалынға оранған баспананың терезесінен 70-ші жылы туған азамат шығарылған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Алдын ала болжам бойынша, пәтер тұрғындарының бірі темекі шеккен. От 20 минуттың ішінде сөндірілді.

Аян Құсайынов, СҚО ТЖД жедел кезекшісінің орынбасары:

– Күндізгі 2-ден 6 минут кеткенде 101 нөміріне Чайковский 13 мекен-жайында өрт басталғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жеке құрамнан 25 қызметкер мен 6 техника жұмылдырылды.

Эльмира Садвокасова