Әр түрлі

Облыста «Азаматтық бақылау – түбіртек талап ет» акциясы өтуде

Тауардың сапасы сын көтермей, азық-түліктің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда оны чек арқылы ғана қайтарып беруге болады. Түбіртектің маңызы туралы тұрғындар қаншалықты хабардар? Бұл жөнінде біз петропавлдықтардың өздерінен сұрап білдік. Түрлі пікір айтылды. Жастар қауымы түбіртек мүлдем керек емес деп жатса, ересектер жағы басқаша ойда.

Мы чеки сами не забираем. – Почему?

Бірде тауардың өз бағасы мен чекте көрсетілген ақша сәйкес келмеді. Сол кезде чекті апарып беріп, ақшамды қайтарып алдым. Түбіртектің болғаны дұрыс.

Қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары тауарды сатып алған сәтте түбіртегін де сұрату қажет дейді. Өйткені, бұл саудагер мен сатып алушының арасындағы түрлі түсініспеушіліктің алдын алады. Осыған орай мамандар өңірде «Азаматтық бақылау – түбіртек талап ет» атты акция басталғанын хабарлайды.

Әлібек Қаниев, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы:

Акция 20 қазаннан бастап жүргізілуде. Оған кез келген адам қатыса алады. Арнайы мобильдік қосымшаны жүктеп алып, бізге түбіртек бермеу фактісі туралы хабарлай аласыз.

Мамандардың сөзінше бұл акция бір жағынан тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыруға септеседі және көлеңкелі бизнеске жол бермейді. Айта кеткен жөн, былтыр аталған акция аясында сатушының түбіртек беруден бас тартқаны туралы 500-ге жуық факті тіркелген.

Бердимурат Баймухан