Konstitutsia banner mobile

Қылмыс

Жыл басынан бері өңір полицейлері саяжайда жасалған 18 ұрлықтың бетін ашқан

Жыл басынан бері саяжай қауымдастықтарында 40 ұрлық жасалған. Соңғы жағдайлардың бірі апта басында тіркелді. Өзгенің мүлкіне көз тіккен теріскейлік үйдің есігін бұзып кірген. Өзіне керекті құнды дүние таппаған соң оқиға орнынан ізін суытқан. Көпке ұзай алмады, полицейлер оны сол күні қолға түсірді. Ұрлық жасауға әрекеттенген пысықай енді жазаға тартылады. 7 жылға дейін бас бостандығы шектелуі мүмкін немесе, тіпті, бас бостандығынан айырылуы ықтимал. Жалпы, полицейлер саяжай қауымдастықтарында жасалған 40 ұрлықтың 18-інің ғана бетін ашқан.

Алдияр Айтпаев