Білім

НЗМ студенттері үздіктер қатарынан көрінді

Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенттері үздіктер қатарынан көрінді. Оқу ұясының “Шалқыма” домбырашылар ансамблі Нұр-Сұлтан қаласында өткен І халықаралық шығармашылық фестиваліне қатысты. Байқауда өнерпаздар “Қосбасар”, “Секіртпе” және “Желдірме” күйлерін орындады. Нәтижесінде 1-ші және 2-ші орынды иеленді. Сондай-ақ, жеке орындаушылардың арасында Дариға Мұқашева да көзге түсіп, екінші орыннан көрінді. Айта кету қажет, додаға вокал, хореография, музыкалық аспаптар, актерлік шеберлік және бейнелеу өнері аталымы бойынша еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған жас өнерпаздар мен ұжымдар ат салысты.

Абылайхан Жоламанов, Химия-биология бағытындағы НЗМ студенті:

– Осындай деңгейдегі байқауға алғаш қатыстым. Қобалжу болғанына қарамастан, бізге көрсетілген қошеметке қарап, жақсы өнер көрсеткенімізге көз жеткіздім. Бұл – біздің тынымсыз еңбегіміздің, ұстаздың терең білімінің нәтижесі. Алдағы уақытта да домбыра үйірмесін негізгі сабағыма қоса алып жүремін. Енді халықаралық байқауға қатысуға бел будық.

Эльмира Садвокасова