Қоғам

Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Елімізде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Үкімет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде көрсеткіш 3,7% құрайды. 9 айдың қорытындысы бойынша 1 млн-нан астам адам екі қолға бір күрекпен қамтылған. 2021 жылдың соңына дейін олардың қатары тағы 200 мың адамға артады деп күтілуде. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, екінші тоқсанның нәтижесі бойынша елдегі еңбеккерлер саны 9 млн 300 мың адамға жеткен. Премьер-Министр Асқар Мамин бүгінде жұмыс нарығының қайта қалыпқа келіп жатқанын атап өтті.

Аскар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

– Қолға алынған шаралар елдегі жұмыссыздықты көбейтпей, оны 4,9% деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Басымдықты тұрақты жұмыс орындарын ашуға беру қажет. Жыл соңына дейін 440 мың адамды еңбекпен қамту көзделген.

Эльмира Садвокасова