Спорт

“Qulager” ХК алматылық қарсыластарын тізе бүктірді

“Qulager” ХК алматылық қарсыластарын тізе бүктірді. Алғашқы голды солтүстікқазақстандық Дамир Рамазанов 8-минутта соқты. Ал алматылықтар шайбаны теріскейлік команданың қақпасына екінші кезеңде 20 минуттан кейін енгізді. Осымен есеп теңесті. Кездесуде теріскейлік хоккейшілердің асығы алшысынан түсіп, ойынды 7:1 есебімен аяқтады. Бұл ойыннан кейін құлагерліктер турнирлік кестеде 6-шы орынға көтерілді. Қарымта кездесу бүгін сағат 19:00-де өтеді.

Алтынай Казиканова