Денсаулық сақтау

Сақтандырылған адамдар оңалту және қалпына келтіру курсынан тегін өтеді

Вера Уразалинова облыстық көпбейінді ауруханада 9 күннен бері арнайы курстан өтіп жатыр. Зейнеткер үстіміздегі жылдың тамызында коронавирус жұқтырып алған екен. Жаз айында індеттен айыққанымен, салдары бертінге дейін мазалап келіпті. Нәзікжанды таныс алуы, жүріп-тұру қиындағанын айтады. Сол себепті, оңалту және қалпына келтіру бөлімшесіне сұранған. Бүгінде оңай қозғалады, дене жаттығуларын да жасайды.

Вера Уразалинова, қала тұрғыны:

– Бұл жерге қазанның 13-і күні келдім. Бірден түрлі оңалту шаралары басталды. Әсерін көп ұзамай сезіндім. Білікті маманның кеңесі бойынша өтетін емдік дене шынықтыру курсы қалыпқа келуіме көп көмектесті. Жүгіру жолағымен жүрген кезде дұрыс тыныс алуды үйрендім. Нәтижесінде шаршамайтын болдым. Мұндағы мамандардың әрқайсысы – өз ісінің шебері. Әрдайым күлімсіреп жүреді, жағдайымды біліп тұрады.

Қала тұрғыны бүгін үйне қайтпақ. Жақындарымның ортасына орала сала жақында ғана өмір есігін ашқан шөберемді құшағыма аламын деп отыр. Зейнеткер сәбиді әлі көрмеген екен.

Ал Вера Уразалинованың бөлмесіндегі өзге жандар емдік дене шынықтыру курсына қатысуда. Мұнда бірнеше тренажер тұр. Құрылғылардың көмегімен ем алушылар арнайы нұсқаушының ақыл-кеңесіне сүйене отырып түрлі дене жаттығуын жасайды. Оңалту және қалпына келтіру бөлімшесінде логопед, психолог, массаж жасаушы маман да бар. Олар да күн сайын адамдармен жүздесіп, курс жүргізеді.

Раушан Хоменко, облыстық көпбейінді аурухананың реабилитолог-дәрігері:

– Былтыр 700 адам емделді. Биыл 708 адам емделді. Қазір 35 адам емделіп жатыр. Инсульттан, кардиологиялық аурулардан және коронавирустан кейінгі адамдарды оңалтамыз.

Айта кетейік, бөлімшеде сақтандырылған адамдар тегін оңалту курсынан өтеді. Яғни, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна аударатын және арнайы санаттағы жандарге ақысыз негізде қызмет көрсетіледі. Қалтамнан ақша шығарып, дәрігерлердің көмегіне жүгінемін дейтіндерге де есік ашық. Мұндағы 10 күндік ем-дом шарасы орта есеппен 130 мың теңге тұрады. Бөлімшеге жолдама алу үшін өзіңіз тіркелген терапевке барып, анализ тапсыру қажет.

Байболат Култанов