МТРА жаңалықтары

Eлімізде азық-түлік инфляциясы 11,5% құрады

Қазақстанда қыркүйек айында азық-түлік инфляциясы 11,5 пайызды құрады. Ұлттық банктің берген ақпарына сүйенсек, бұған бағаның күрт шарықтауы себеп. Дәлірек айтқанда шілде мен тамыз айларында картоп, сәбіз бен қызылшаның құны өскен. Сондай-ақ, екінші жартыжылдықта ет – 10, қант – 32 пайызға, ал өсімдік майы екі есеге қымбаттады. Азық-түлік емес тауарлардың да бағасы көтерілген. Ал электр энергиясының – 8, пәтер жалдау 19 пайызға қымбаттағанын атап өткен жөн. Ұлттық банк өкілдерінің сөзінше, жағдайды тұрақтандыруға болады. Ол үшін Үкімет және облыс әкімдіктері инфляцияға қарсы кешенді жұмыс жүргізуі керек.

Эльмира Садвокасова