Көлік және жолдар

Шетелдік көлікті сатып аларда сақ болыңыз

Қазақстанда тіркелмеген көлікті елге әкелген кезде бірнеше мәселе туындауы ықтимал. Мысалы, оның бірнеше иесі табылып немесе көліктің ұрланғаны анықталуы мүмкін. Осындай түйткілге тап болмас үшін қандай ережелерді ескерген жөн? Бұл жайында бүгін тәртіп сақшылары қала тұрғындарымен жүздесіп, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Және арнайы ескертулер мен call-орталықтың нөмірі жазылған жадынама таратты.

Алтынбек Жамалиев, СҚО ПД процессингтік орталығының аға мемлекеттік автоинспекторы:

– Шетелде тіркелген көлік құралдарының иелерімен өздерінің көліктерінің заңды түрде тіркелгенін және Қазақстан аумағында заңды түрде жүргені жайында ақпараттық-жадынамалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның аясында СҚО аумағында көптеген көптеген автокөліктерді тоқтатып, арнайы брошюраларды табыстадық.

Жалпы, жыл басынан бері облыста 21 мыңнан аса көлік тіркелген екен. Оның 19 мыңы есептен шығарылған. Сондай-ақ, 16 мыңға жуық көлікке мемлекеттік нөмір берілген. Ал тұрғындар процессингтік орталық арқылы 60 мыңға жуық мемлекеттік қызмет алған.

Медет Ибадуллаев, қала тұрғыны:

– Ресейлік, басқа да шетелдік автокөлік иелеріне айтарым, тіркеуде тұрған-тұрмағаны туралы біліп алыңыздар. Егер болмаса тезірек қойып, мәселені реттеп алыңыздар. Өзімде – ресейлік есептегі көлік. Қазір тексеріп есепте тұрғанына көз жеткізіп жатырмын.

Полицейлер осы мәселеге қатысты сұрақпен экранда көрсетілген нөмірге хабарласуға кеңес береді. Сонымен қатар, Instagram әлеуметтік желісіндегі әкімшілік полиция парақшасына кіріп консультация алуға болатынын еске салды. «32-00-19, 32-00-22@police_uap_dp_sko»

Бердимурат Баймухан