ТЖ

Ольшанка ауылы маңында құрғақ шөп пен қамыс өртенді

Қызылжар ауданындағы Ольшанка ауылы маңында құрғақ шөп пен қамыс өртенді.От түскі 3-тер шамасында бас көтерген. 10 гектар аумаққа жайылған тілсіз жауды ауыздықтауға Соколовка мен облыс орталығынан 20-ға жуық маман мен 3 техника тартылыпты. Мамандар өртпен 3 сағат бойы күресіп, толығымен сөндірген. Қазіргі таңда қызыл жалынның шығу себебі анықталып жатыр. Айта кету қажет, жыл басынан бері өңірде мұндай 67 факті тіркелген. От шарпыған аумақ 873 гектарды құрайды.

Алдияр Айтпаев