Қылмыс

Облыста ішімдік ішіп, заң бұзған 535 адам жауапкершілікке тартылды

Үстіміздегі жылы ішімдік ішіп алып жұрттың тиышын қашырған 10 мыңға жуық адам ұсталған. Араларында тентек суды сіміріп қана қоймай заңға қайшы әрекетке барғандар аз емес. Ұрлық жасғанп, көшеде төбелес шығарған. Үйіне барып әйелі мен бала-шағасына қол көтергендер де кездесіпті. Солтүстікқазақстандық полицейлердің сөзінше биыл осындай құқықбұзушылық жасаған 535 адам ұсталған. Олардың барлығы жауапкершілікке тартылып, заң алдында жауап берген. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ішімдікке тәуелді 180 адамды мәжбүрлі емдеуге жіберген. Тағы бір айта кететін жайт, жыл басынан бері заңсыз айналамнан 5800 литр алкоголь тәркіленген.

Бердимурат Баймухан