Қылмыс

Үйінде марихуана өсірген петропавлдық ұсталды

Естімеген елде көп! 29 жастағы петропавлдық пәтерінде марихуана өсірумен айналысқан. Арнайы іс-шара кезінде күдіктінің баспанасынан 1 келіге жуық өсімдік пен оны күтіп-баптауға арналған жабдық табылыпты. Қала тұрғыны мұндай “бағбаншылық” түрімен өз қажеттілігі үшін айналысқанын айтып отыр. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адамның кінәсі дәлелденсе, оған 2 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін немесе 2 жылға темір торға тоғытылуы ықтимал. Жалпы, жыл басынан бері облыста есірткіге қатысты 173 заңбұзушылық тіркелген. Нәтижесіде заңсыз айналымнан 409 келіден астам зиянды зат тәркіленген.

Эльмира Садвокасова