Қылмыс

Петропавлда жыл басынан бері кәмелетке толмаған 12 бала заң бұзған

Петропавлда жыл басынан бері кәмелетке толмаған 12 бала заңның ала жібін аттаған. Үшеуі бұған дейін де ювеналдық полиция есебінде тұрған. Араларындағы 16 жастағы жасөсіпірімнің 6 бірдей дүкен ұрлығына қатыстылығы дәлелденіп отыр. Бұзақы балалар арнайы білім беру мекемелеріне жіберілген. Жалпы, 10 айдың ішінде өңірде жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке баруының алдын алу мақсатында 120-дан астам рейдтік шара ұйымдастырылған. Нәтижесінде түнгі уақытта балаларының қыдыруына жол берген, ұл-қыздары спирттік ішімдік ішкен және тәрбиеге көңіл бөлмеген 800-ге жуық ата-ана жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, түнгі уақытта кәмелетке толмағандарды көңіл көтеру орындарына кіргізген 15 ойын-сауық мекемесінің иесіне айыппұл салынған.

Дана Ешкенова