Білім

Елімізде 2025 жылға дейін мың мектеп салынады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде 2025 жылға дейін мың мектеп бой көтереді. Жоспар бойынша Қазақстанда биылдың өзінде 200 жаңа оқу ошағы қолданысқа тапсырылуы тиіс. Елдегі мектептерде орын саны тапшы, 3 ауысымда жұмыс істейтін білім ұяларының саны жылдан жылға артуда. Мұндай мәселе әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы және Түркістан облыстарында өзекті тұр. Статистикаға сүйенсек, аталған шаһарлар мен аймақтарда балалар аралас форматта оқып жатыр. Оқушылардың 86,4 пайызы штаттық режимде білім алса, қалғаны ата-аналарының өтініштері негізінде қашықтықтан оқуда. Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринованың сөзінше, мектептерде тиісті санитарлық талаптар қатаң сақталған.

Шолпан Каринова, ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі:

– Барлық мектептерге ұстаздар мен оқушылар «Ashyq» қосымшасы арқылы кіреді. Әр пән бойынша оқу бағдарламалары орындалуда. Сонымен қатар, биылғы жылғы басты мәселе – пандемия кезінде орын алған оқу процестеріндегі олқылықтарды жою. Бүгінгі күні әр педагог өз пәні негізінде нақты олқылықтарды ескеріп, оқу процесін қалыпты жүргізіп келе жатыр.

Эльмира Садвокасова