Қоғам

Тайынша ауданы санақ рейтингісінде 5-ші орында тұр

Егер адам онлайн түрде санақтан өтпеген болса, сұхбатшы қойған сұрақтарға жауап беруі тиіс. Бұл іс 20 минуттың ішінде атқарылады. Жүзбе-жүз санақ жүргізу оңай емес дейді тайыншалық Анна Корж. Себебі, тұрғындардың кейбірі сауалдарға жауап беруге бірден келісе қоймайды екен, басқалары тіпті үйде болмайды.

Анна Корж, сұхбатшы, Тайынша ауданы:

– Менің жұмыс күнім сағат 2-ден басталады. Өйткені, адамдар таңертең жұмыста болады. Кей кезде үй иелері жоқ болып шығады. Ондай жағдайда тұрғындарға телефон нөмірімізді жазып, санақтан өту керектігі жайлы жаднама қалдырып кетеміз.

Анна Корж жергілікті газетте тілші болып қызмет етеді. Тұрғындармен жүздесіп, олардан сұхбат алу үйреншікті жағдай әрі мен үшін қызықты дейді. Адамдардың арасында оны танып, сұхбат беруге бірден келісетіндері де бар. Бірақ, тайыншалықтардың көбісі санақтан онлайн түрде өткенді құп көрген екен.

Халық санағын үйде отырып онлайн түрде өттім. Барлық отбасы мүшелерінің атынан қатыстым. Бұл өте ыңғайлы.

Бұрын сұхбатшылар кітапша пен қалам ұстап жүретін. Қазір санақтан өту біраз жеңілдетілді.

Сұхбатшы күніне 10-ға жуық үйді арайды. Тайыншалық мамандар қазіргі күні 15 мыңнан аса тұрғынмен жүздескен. Бұл шамамен аудан тұрғындарының 40 пайызын құрайды.

Нина Шульгина
, Тайынша аудандық статистика басқармасының басшысы:

Маманның қолында міндетті түрде оның сұхбатшы екенін растайтын құжаты болуы тиіс. Сонымен қатар, көк түсті мойын орағыш пен қолында арнайы логотипі бар портфель болады. Онлайн санақ ауданымызда өте белсенді жүргізілді. Аудандар арасындағы рейтингіде 5-ші боп тұрмыз.

Қазіргі күні онлайн санақ тоқтатылды. Арнайы платформалар 15-ші қазанға дейін ашық болды. Бүгінде аталған науқан оффлайн түрде жүргізіліп жатыр. Шара 30-шы қазанға дейін жалғаспақ.

Бердимурат Баймухан