Ауыл шаруашылығы

Солтүстікқазақстандық тауар өндірушілер Елордадағы жәрмеңкеде мың тонна өнім саудалайды

Солтүстік Қазақстанда шығарылған азық-түлік – Елордада! Қазанның 23-і мен 24-і күндері Нұр-Сұлтан қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ. Шараға аққайыңдар өлкесінен мың тоннадан аса табиғи таза, сапасы жоғары өнім жеткізіледі. Астаналықтарға ет, шұжық, картоп пен көкөніс, сүт, ұн, жұмыртқа мен балық ұсынылады. Азық-түліктің құны нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен болмақ. Жалпы, жәрмеңкеге өңірдің үздік 110 тауар өндірушісі қатыспақ ниетте.

Бердимурат Баймухан