Спорт

Петропавлда спорттық акробатикадан ел біріншілігі өтті

Қазір ортада Нұрдәулет пен Әлижан есімді жас акробаттар өнер көрсетуде. Жарыстың алғашқы күндері шыр көбелек айналған тараздық балалардың қарым-қабілеттерін төрешілер жоғары бағалапты. Бұған дейін талай додада бақ сынаған спортшылар бүгін де қазылардың көңілінен шығамыз деген ойда.

Әлижан Мадиярұлы, жарысқа қатысушы, Тараз қаласы

– Нұрдәулетпен жұмыс істеп жүргенімізге 3 жыл болды. Жарыстарға қатыстық. Алматыда және өзіміздің Таразымызда өнер көрсеттік. Бүгін Петропавлдағы жарысқа қатысудамыз. 1-26 1-ші орын аламыз деп ойлаймыз.

Мұндай жарысты танго биінсіз елестету қиын. Бұл композицияны жұптасып өнер көрсететін Андрей мен Милана есімді спортшылар ортаға салуда. Алматыдан келген балалар 2 жарым жылдан бері сайыстарға бірге қатысып жүр.

Артем Павлов, жарысқа қатысушы, Алматы қаласы:

Бәрін жақсы орындадық. Кей жерлерде қателіктер болды. Бірақ, көңіліміз толады. Бастысы, бір-бірімізді түсініп, бір-бірімізге сенім артуымыз қажет. Бұл жұптасып өнер көрсетуде аса маңызды.

Петропавлда спорттық акробатикадан өтіп жатқан ел біріншілігіне Қазақстанның 7 қаласынан келген 200-ге тарта ұл-қыз қатысуда. Олар өзара 4 жас ерекшелігі бойынша бақ таластыруда.

Андрей Ямпольский, жарыстың бас төрешісі:

Петропавлда бұл жарыс жыл сайын өткізіледі. Додаға 19 жасқа дейінгі спортшылар қатысуда. Бүгін жарыстың соңғы күні. Яғни, жеңімпаздар анықталады.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер медаль, грамоталармен марапатталады.

Алдияр Айтпаев