Ауыл шаруашылығы

Әкімдіктер азық-түліктің 5 айлық қорын жинаулары тиіс

Әкімдіктер азық-түліктің 5 айлық қорын жинаулары тиіс. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде ауыл шаруашылығының вице-министрі осындай ұсыныс тастады. Сондай-ақ, Рүстем Құрманов әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы Үкіметтің қатаң бақылауында екенін атап өтті. Апта сайын Сауда және интеграция министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесе жиын өткізіп, азық-түліктің құнын ұстап тұру тетіктерін қарастыратын көрінеді. Бұл ретте бағаны тұрақтандыру қорының алатын орнын да атап кеткен жөн деді вице-министр.

Рүстем Құрманов, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

– Қарақұмық, күнбағыс майы, қырыққабат, пияз бен сәбізге келер болсақ, әкімдіктер 5 айлық қорды қалыптастырулары қажет. Сатып алуды әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы орақ науқанында жүргізген жөн. Себебі, бұл уақытта өнімдердің бағасы төмен. Ал көктемде ауыл шаруашылығы тауарларының құны жоғары әрі ол кезге дейін таусылып қалуы да мүмкін.

Эльмира Садвокасова