Спорт

“Qulager” ХК “Saryarka” командасына жол берді

Жергілікті “Qulager” хоккей клубы қарағандылық “Saryarka” командасына жол берді. Ұжымдар арасындағы қос кездесу қазанның 15-і мен 16-сы күндері Петропавлда өтті. Алғашқы ойында орталыққазақстандықтар 1 де 4 есебімен жеңіске жетті. Ал қарымта матчта қонақтар қақпамызға жауапсыз 3 шайба дарытып, теріскейліктерді тізе бүктірді. Енді құлагерліктер қазан айының 24-і және 25-і күндері Алматының “Almaty” клубына қарсы тұрады. Бұл жолы солтүстікқазақстандықтар сырт айдында ойнайды.

Александр Белявский, “Qulager” ХК бас бапкері:

– Бірінші ойынға көңілім толды. Тек 3-ші периодта қателікке бой алдырып, аз уақыттың ішінде бірден 2 шайба жіберіп алдық. Ал қарымта кездесуде қарсыластарымыз жылдам өнер көрсетті. Олардың жеңіске деген құлшыныстары басым болды. Сол себепті қарағандылықтар жеңіске жетті деп ойлаймын.

Алдияр Айтпаев