Құқық қорғау органдары

“Жолда қабылдау” акциясы өтті

Тәртіп сақшыларына тұрғындар тарапынан сан түрлі сауал қойылды. Басым көпшілігі жолдағы қауіпсіздік, автокөлікті тіркеу, учаскелік инспекторлардың жұмысы, көші-қон мәселесі, қаруды сату мен сақтауға қатысты.

Серік Әлжанов, СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

– Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша 2021 жылғы 15-16 қазан күндері «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Өткізу кезінде желі қолданушыларының түрлі мазмұндағы 2 мыңнан астам сұрағына жауаптар берілді. Барлық өтініштерге жауап берілді.

Полицейлер жыл басынан бері 2 мыңнан астам сұраққа жауап беріпті. Яғни, қаңтар-қазан аралығында ұйымдастырылған 4 бірдей онлайн-акция барысында мамандарға осынша сауал түскен. Ал соңғы іс-шарада 300-ге тарта мәселе талқыланған. Тікелей эфир барысында шенділер жаңашылдықпен де бөлісті. Жақында Әкімшілік полиция басқармасының жеке парақшасы ашылған екен. Онда маңызды хабарландырулар, жаңалықтар жарияланып, құқық қорғаушылардың жұмысы көрсетілмек. Сондай-ақ, direct-хабарламалар бөлімі арқылы желі қолданушыларынан сұрақтар қабылданады.

Байболат Култанов