Денсаулық сақтау

Соңғы тәулікте 132 солтүстікқазақстандық коронавирус жұқтырып алған

Өңірдегі эпидахуалға тоқтала кетейік. Соңғы тәулікте коронавирус 132 солтүстікқазақстандықтан анықталды. Оның 2-уінде ғана – симптомсыз. Қалғандарында аурудың анық белгілері байқалады. Солтүстік Қазақстан облысы әлі де “қызыл” аймақта. Өңірде тәж вирусын жұқтыру фактілері күннен-күнге артып барады. Ел бойынша да эпидемиологиялық жағдай көңіл қуантпайды. 1 күннің ішінде 1600-ден астам адам COVID 19-ға шалдыққан. Басым бөлігі – елордалықтар. Бас қалада 250-ге жуық адам сырқаттанып қалған. Теріскей өңірінен бөлек, Қостанай, Павлодар, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары да «қызыл» аймақта.

Дана Ешкенова