Қоғам

Мектеп асханаларындағы тамақтың сапасы сын көтере ме?

Шаһарда жол-көлік оқиғалары азаяр емес. Күн сайын кемінде 1-2 фактіден тіркелуде. Машина қақтығысы әдетте адамның салғырттығынан орын алады. Алайда, инфрақұрылым мен абаттандырудың да әсер ететінін естен шығармаған жөн. Әңгіме – көше бойында өсіп тұрған жасыл желектер турасында. Соңғы уақытта тығыз орналасқан талдарға қатысты шағымданатындар көбейді. Себебі, қиылыстан шыққанда биіктігі 80-90 см болатын жасыл желектен жол көрінбейді екен.

Бірыңғай стандартқа сай бұндай талдардың биіктігі 50 см-ден аспауы тиіс. Бүгінде қалалық әкімдік өкілдері бұл мәселенің шешімін қарастырып жатыр. Қоғамдық кеңесте тыңдалған келесі сұрақ оқушыларды мектепке тамақтандыруға байланысты.

Динара Рақышева, қалалық білім бөлімінің басшысы:

– Қазіргі таңда 13 жеке кәсіпкер 26 білім ошағында қоғамдық тамақтану ісімен айналысады. Шаруа мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылуда. Бұл ретте екі оқу ұясында ыстық тамақ қарастырылмаған. Сондықтан, оқушыларға арналған тағамдар №19 мектепке – қазақ мектеп-гимназиясынан, ал №31 толық емес орта мектепке 44-ші мектептен жеткізіледі.

Асханадағы тамақтың сапасына келер болсақ. Бірнеше ата-анадан мектепте ұсынылатын асқа қатысты арыз-шағым түсіпті. Мамандар №25, 32-ші мектеп пен “Дарын” мектеп-лицейінде оқушылар арасында сауалнама жүргізген. Нәтижесі көрсеткендей, білім ошағындағы асхананың асы ұл-қыздардың басым бөлігінің көңілінен шықан сыңайлы.

Эльмира Садвокасова