Балалар

Әскерге шақыру мерзімін онлайн режимде кейінге қалдыруға болады

Әскерге шақыруды онлайн режимде кейінге қалдыруға болады. Яғни, енді жігіттерге шақыру учаскесіне барудың еш қажеті жоқ. Олар e-Gov порталында тіркеуден өтіп, тиісті қызметті қашықтықтан ала алады. Биыл 11 мыңнан астам қазақстандық Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуден уақытша босатылған. Ал 1 жарым мың адамға қатысты әскерге шақыртпау туралы шешім қабылданған. Естеріңізге сала кетейік, елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны 1-ші қыркүйектен бастау алды. Үстіміздегі жылы ел армиясының қатары 17 мың жауынгермен толықпақ.

Алдияр Айтпаев