Мәдениет

Облыстық қуыршақ театры 32-ші маусымын ашты

Бүгін облыстық қуыршақ театры 32-ші маусымын ашты. Кішкентай көрермендерге өнер ұжымы санкт-петерборлық қоюшы-режиссер Грегори Лайконың “Кошки-мышки” спектаклін ұсынды. Қойылым ақылды тышқан жайлы. Ол әуелден Марина есімді жалғызбасты кейуананың үйінде тұрған. Мыцик есімді тышқан өмірінде мысық көрмеген екен. Тіпті, қақпанның не екенін де білмеген. Мысық та бұған дейін тышқан атаулыны кездестірмеген көрінеді. Бір күні екеуі бір-бірін жолықтырады. Бір-біріне қас болып саналатын екі жануардың кездесуі қызыққа толы. Бұл спектакльде облыстық қуыршақ театрының 3 актері өнер көрсетті. Жалпы, бүгінде театрда 15 адам еңбек етеді. Алдағы уақытта өнер ұжымы балақайлардың назарына тағы бірнеше қойылым ұсынбақшы.

Мейрам Сексенбаев, облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі:

Желтоқсан айының басында Қарағанды қаласында “Куклянди” деген халықаралық байқау өтеді. Сонда бізде өнер көрсетеміз. Оған біздің ұжым 2 тілде саханаланатын 2 спектакль апарады. Ал жаңа жылда балғындарға қазақаша тілде “Қыңырлақ” деген жаңа туындыны ұсынамыз.

Дана Ешкенова