Құқық қорғау органдары

Қызылжар ауданында 17 жастағы жігіт граната тауып алды

Қызылжар ауданының 17 жастағы тұрғыны жарылғыш зат тауып алды. Ауыл сыртында жүріп тат басқан домалақ дүниеге кезіккен жігіт оның гранатаға ұқсайтынын байқаған. Тапқан затын туысының үйіне апарыпты, ал ол өз кезегінде полиция қызметкерлеріне хабарласқан. Оқиға орнына дереу Соколов кенттік полиция бөлімінің қызметкерлері келіп, аумақты қоршауға алады. Жақын маңдағы 3 үйдің тұрғыны қауіпсіз жерге шығарылған. Мамандардың айтуынша, бұл РГД гранатасы болуы мүмкін. Ауыл маңында қалай, қайдан пайда болғаны анықталып жатыр. Сараптама жұмыстары аяқталғаннан кейін жарылғыш заттың көзі жойылады.

Алдияр Айтпаев