ТКШ

Биыл Бескөл ауылында 5 балалар алаңқайы орнатылды

Бұл екі қабатты үй Бескөл ауылында орналасқан. 16 пәтерден тұратын баспана 78-ші жылы қолданысқа тапсырылыпты. Биылға дейін аулада балалар алаңқайы атымен болмаған. Содан тұрғындар жергілікті әкімдікке ең құрығанда бір әткеншектер салып беруді сұраған.

Ольга Барон, Бескөл ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

– Көршілерімізбен бірлесіп балалар алаңқайын орнатып беруді өтіндік. Өтініш орындалды. Жаңа әткеншектерді қызықтап жүрген балалардың қуанышында шек жоқ. Таң атысымен осында ойнайды. Тіпті, жақын жердегі аулалардан да келеді.

– Маған жаңа ойың алаңқайы ұнады. Достарымызбен осында түрлі ойындар ойнаймыз.

– Мен белтемірге тартылғанды ұнатамын. Тағы екі адам отырып тебетін әткеншек те жақсы. Мектептен кейін ағамыз екеуміз осында келеміз.

Бескөл ауылында көпқабатты 86 үй бар. Көбісінде ойын алаңқайы жоқ. Жергілікті әкімдік аулаларды абаттандыруды биылдан бастап қолға алған.

Қанат Дарбаев, Бескөл ауылдық округінің әкімі, Қызылжар ауданы:

Алдыңғы жылдары қоғамдық жерлерде ғана ойын алаңқайлары орнатылды. Биыл тұрғындар кондоминимумға көшкеніне байланысты енді әкімдікке өтініш бер алады. Біз тапсырысты қабылдап, ойын алаңқайларын орната бастадық. Келесі жылы да жұмыстар жалғаспақ.

Большая Малышка ауылында да абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жуырда мұнда балаларға арналып заманауи футбол алаңы орнатылды. Енді алдағы уақытта мына бос тұрған орындарда балалар ойын алаңқайы мен спорт алаңы салынады.

Дана Ешкенова