Экология

Айыртау ауданында жел электр станциясы салынады

Құжат 7 тармақ, 15 бөлімнен тұрады. Негізінен, ауаны ластайтын зиянды заттарды азайтып, су қорын үнемдеуге бағытталған. Заңсыз қоқыс полигондарын жойып, орнына құжат жүзінде бекітілген жаңаларын құру да – басты мақсаттардың бірі. Алдағы уақытта 8 ауданда қалдық заттарды тастайтын жаңа орындар белгіленбек. Жобалық-сметалық құжаттамалары дайын.

Азамат Бектасов, СҚО экология департаментінің басшысы:

– Және де осы су ресурстарын үнемдеу үшін кәріз суларын тазарту бойынша Петропавл қаласында және аудан орталықтарында модернизация жасау, жаңа құру жұмыстары көзделген.

Экологтардың айтуынша Петропавл 2-ЖЭО-нан ауаға бөлініп шығатын зиянды саттарды азайту мақсатында нысанда тиісті құрылғыларды жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қолға алынған жобаны нәтижесі әлден байқалуда.

Азамат Бектасов, СҚО экология департаментінің басшысы:

– “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ осы жобаны іске асыру үшін 200 млн-дай ақша жұмсады. Жұмыс барысында ауадан 188 мың ластау заттарының төмендегені белгілі болды.

Алтынай Қазиқан, тілші:

– Жол картасы аясында жергілікті экология департаментінің мамандары көгалдандыру жұмыстарын қолға алды. Мәселен, былтыр 762 га жерге ағаш отырғызылса, биыл 850 га аумақ көгалдандырылмақ. Шаруаның жартысы тындырылған.

Сонымен қатар, жиында баламалы энергия көздерін енгізу туралы да сөз қозғалды. Жуық арада аққайыңдар өлкесінде қуаттылығы 50 МВт-тық жел электр станциясы салынады. Жоба құны 19 млн теңге тұрады.

Павел Шилов, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

– Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Құрылыс жұмыстарын келесі жылдың алғашқы 2 айында бастау жоспарланып отыр. Бүгінде облыс аумағында жаңартылатын энергияны пайдалану бойынша 167 нысан бар. Соңғы 6 жылда олардың қуаттылығы 65 есеге артқанын көріп отырмыз.

Тағы жоба аясында «Қызылжар су» серіктестігінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кәріз құбырлары ауыстырылмақ.

Алтынай Казиканова