Балалар

“Адал ұрпақ” клубы мүшелерінің онлайн слеті өтті

2016 жылдан бері ел мектептерінде “Адал ұрпақ” клубы құрыла бастады. Қазіргі таңда аталған ұйым өңірдегі оқу ұяларында сәтті жұмыс істеуде. Оған жалпы саны 20 мыңнан астам оқушы мүшелік етеді. Бүгін клуб мүшелері онлайн режимде слет ұйымдастырып, атқарылған шаруаны қорытындылады. Қолға алған тың жобаларымен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Жастар 5 жылдың ішінде біраз істің басын қайырған. Атап айтсақ, кейінгі буын өкілдері конференция, дөңгелек үстел жиыны мен дебат турнирлерін өткізіпті. Сондай-ақ, өзара сұхбат жүргізіп, байқаулар ұйымдастырған. Әр шарада қаузалған тақырып біреу – сыбайлас жемқорлықпен күрес.

Нұрлан Жахин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Бүгінде адал азаматтарды тәрбиелеу мақсатында барлық білім беру мекемелерінде оқушылардың бойында адалдық, әділдікті қалыптастыру мақсатында “Адал ұрпақ” клубтары арнайы ашылды.

Бердимурат Баймухан