Спорт

Палуандар сенімді ақтады

Палуандар сенімді ақтады! Маңғыстау облысында өткен VII «Ақ бидай» республикалық ауыл спорты ойындарында қазақ күресінен солтүстікқазақстандықтар сәтті өнер көрсетті. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған сайыста «Қызылжар Арландары» спорт клубының өкілдері Мерей Абдрасулов, Батырхан Қайырбек және Мұхит Тұрсынов күміс медаль еншіледі. Ал 60 келі салмақ дәрежесінде белдескен Айдос Сейпіл қоланы қанағат тұтты. Осылайша, өңір құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Айта кеткен жөн, Ақтауда 14 облыстан келген 2 мыңнан астам спортшы сынға түсті. Олар, сондай-ақ, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ, құсбегілік, волейбол мен шағын футболдан – барлығы 15-ке жуық спорт түрінен бақтарын сынады.

Байболат Култанов