Kurultai banner mobile

Білім

«Мен әлемді танимын» байқауының жеңімпаздары анықталды

Оқушылар мен ұстаздардың зерттеу жүргізу дағдыларын шыңдау. Осындай мақсатпен «Өрлеу» орталығының жергілікті филиалының мамандары «Мен әлемді танимын» халықаралалық байқауын ұйымдастырған болатын. 1 ай бойы өткен конкурстың жеңімпаздары анықталды.Ғылыми жобалар сайысына мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Тіпті, 3-ші сыныптың ұл-қыздары да бақ сынаған. Ресей, Украина мен Беларусь елінен 50 адам қатысқан. Оқушылар робототехника, IT-технология мен цифрландыру бағыттары бойынша өз білімін көрсетті. 3 тілде ғылыми жоба дайындап, қашықтықтан қорғаған. 80-ге жуық қатысушы бас қосқан конкурстың соңғы кезеңіне жетекшілері де қосылды. Нәтижесінде солтүстікқазақстандық 3 оқушы түрлі номинация бойынша жүлделі орындарға ие болып отыр.

Гүлден Ақмағамбетова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ СҚО бойынша ПҚ БАИ зертхана меңгерушісі:

– Байқау 3 кезеңнен тұрды. 1-ші – іріктеу, 2-ші – презентациялық, соңғы қорытынды кезең болды. Жеңімпаздар 1,2,3-дәрежелі дипломдармен және келесі 10 номинация бойынша марапатталды.Қазақстаннан жалпы – 29 қатысушы, 18-і – солтүстікқазақстандық.