Спорт

“Qulager” ХК оңтүстікастаналық “Almaty” командасын қабылдады

“Qulager” хоккей клубы оңтүстікастаналық “Almaty” командасын қабылдады. Алғашқы кездесуде теріскейлік имектаяқшылар 2 де 1 есебімен буллиттер сериясында жеңіске жетті. Ал қарымта матчта алматылықтардың асығы алшысынан түсті. Қонақтар солтүстікқазақстандықтарды 2 де 4 есебімен тізе бүктірді. Енді жергілікті ұжым қарағандылық “Saryarka” командасына қарсы қос ойын өткізеді. Кездесулер қазанның 15-і мен 16-сы күндері Петропавлда өтеді.

Александр Белявский, “Qulager” ХК бас бапкері:

– Алғашқы матч жайлы айтар болсақ, қақпашымыз жақсы өнер көрсетті. Соның арқасында жеңіске жеттік. Алайда, екінші кездесуде 4 шайба жіберіп алдық. Бұл ойынға қарсыластарымыз тактикалық тұрғыда жақсы дайындалыпты. Ұтылып қалдық. Бізге қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта жарқын жеңістермен қуантамыз деген ойдамын.

Алдияр Айтпаев