Экология

“Jasyl El” ұйымының 17-ші еңбек маусымы аяқталды

Ұмытылмас әсер, жаңа достар мен еңбекке деген құштарлық. “Jasyl El” қатарында 3 жылдан бері еңбек етіп жүрген Александр Закотыринге өз жұмысының осы тұстары ұнайды. Биылғы маусымда жас жігіт Қызылжар ауданындағы орман шаруашылықтарының бірінде еңбек еткен. Көшеттерді суарумен, қысқы кезеңге отын дайындаумен айналысқан.

Александр Закотырин, JE SKO штабының сарбазы:

Бастысы өз қатарластарыммен еңбек етемін. Талай жанға көмек қолын создық. Біз сияқты студенттерге төленетін жалақы да жаман емес. Әрине, келесі маусымда да “Jasyl El” қатарында жұмыс істеймін.

Александр 17-ші маусымның үздік сарбазы атанды. Бүгін 21 жастағы теріскейлікке адал еңбегі үшін грамота мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Салтанатты жиын барысында тағы 9 жас марапатталды. Жалпы, “Jasyl El” қатарында биылғы маусымда 700-ге тарта жас еңбек еткен. Жарты жыл бойы жасылелдіктер 100-ге тарта игі шараға ат салысып, көмекке мұқтаж жандарға қолғабыс еткен.

Антон Шишканов, “JE SKO штабы” ҚБ төрағасы:

– Маусымда ерінбей еңбек етіп, облысымыздың гүлденуіне сүбелі үлес қостық. Зейнеткерлер мен көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді. Бұған барлық аудандар ат салысты. Қазіргі таңда тыңдырылған істі қорытындылап жатырмыз.

Жыл сайын “Jasyl El” штабына облыстық бюджеттен 30 млн теңгеден астам қаражат бөлінеді. 2025 жылға дейін бұл қолдаудың көлемін 80 млн теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Алдияр Айтпаев