Қылмыс

Атышулы іске дүйсенбі күні нүкте қойылмақ

Юрий Глушковтың қызы келтірілген моральдік және материалдық шығын үшін әкесінен қаржылай өтем сұрап отыр. Яғни, оқиға орнында болған әр адам үшін шамамен 10 млн теңгеден талап етті. Айтуынша оқ тиген 10 жасар қыз қатты қорыққаны соншалық әлі күнге дейін психологтың қарауында екен. Келешекте де балаға ұзақуақыттық оңалту мен түрлі пластикалық оталар қажет болады. Осыған орай прокурор сұраған соманы төлеу қажет екенін жеткізді.

Әйелін атқан Юрий Глушков өз кінәсін толық мойындап отыр. Бірақ немереме қару көздейтін ойым болмады, мылтықты оқтаған кезде шүріппе басылып кетті дейді. Қылмыскер енді өмірінің соңына дейін темір торға тоғытылуы мүмкін. Үкім дүйсенбі күні шықпақ.

Бердимурат Баймухан