Қоғам

Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 4 адам «Nur Otan» партиясынан шығарылған

Биыл «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының құрамынан 4 адам шығарылған. Басты себеп – бармақ басты, көз қыстылыққа жол берілген.Тағы 9 адамға қатаң сөгіс пен ескерту жасалыпты. Көшбасшы партияда қызметін дұрыс атқармағандарды қатардан шығару жұмыстары 2019-да басталған болатын. Саяси ұйым қатарынан алғашқы жылы – 12, ал былтыр 3 солтүстікқазақстандық шығарылыпты. Айта кеткен жөн, «Nur Otan»-нан кеткен жан енді қайтып мемлекеттік қызметке орналаса алмайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары бас партияның сайлауалды бағдарламасына енгізілген.

Әсем Рахметова, «Nur Otan» партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

– Біз қарастырып жатқан 20 шақты пункт сайлауалды бағдарламаға енгізілді. Олардың әрбіреуінің орындалуы бойынша ай сайын, жыл сайын есеп беріледі. Ол үшін арнайы интернет-ресурс іске қосылды. Бұл жүйеге барлығы енгізілді. Енді атқарылуы тиіс шаруалар орындалып отырады.

Алтынай Казиканова