Балалар

Солтүстікқазақстандық ұл-қыздар “Елбасы медалімен” марапатталды

Үздіктердің үздігі. Солтүстікқазақстандық ұл-қыздар “Елбасы медалімен” марапатталды. Еліміздің Тұңғыш Президентінің бастамасымен қолға алынған жоба екінші жыл қатарынан жүзеге асырылуда. Мақсаты кейінгі буын өкілдерін тайм-менеджменттің қыр-сырына үйретіп, тұлғалық дамыту. Яғни, жастар спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, экспедициялар мен жорықтар және еңбек тәжірибесі сынды 7 бағыт бойынша түрлі тапсырмаларды орындайды.

Биыл жобаға өңір бойынша 400-ден астам оқушы қатысып, 260-қа жуық қола, 70 күміс медальға ие болды. Айта кету қажет, жүлдегерлер жоғарғы оқу орындарына құжат тапсырғанда грант конкурсына Алтын медаль иегерлерімен қатар қатыса алады.

Эльмира Садвокасова