Қылмыс

Artemia salina шаянын заңсыз аулағандар ұсталды

Көлденең жолмен пайда таппақ болғандар құрықталды. Өңір полицейлері Artemia salina шаянын заңсыз жолмен аулаған 3 адамды ұстады. Пысықайлар Мамлют ауданындағы Меңгесер көліндегі су жәндіктерін торға түсірген. Қылмыскерлік топ фармацевтика мен косметика өндірісінде аса құнды болып саналатын шаяндарға 5 қабын толтырған жерде қолға түскен.

Оңай ақшаға кенелмек болғандар – Тайынша ауданы мен Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары. Соңғы екеуі теріскейге Artemia salina-ны аулау үшін тіпті алыстан әдейі келіпті. Бүгінде баукеспелер қамауға алынып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Эльмира Садвокасова