Денсаулық сақтау

Вакцинациядан өткен жандарға сыйақы беріледі

Аурудан сақтанып қана қоймай, қаржылай сыйақыға да ие бол! Елімізде коронавирусқа қарсы екпе алған жандарға сыйақы беріледі.Нақтырақ айтайық, мемлекет тарапынан университет оқытушылары мен студенттеріне қолдау көрсетілмекші. Мысалы, вакцина қойдырған мамандар мен жастар демалысқа – жолдама, ал оқу ақысына жеңілдіктер ала алады.

Сонымен қатар, ұстаздарға қосымша төлем тағайындау, жатақханада тұруына жеңілдік қарастыру жоспарланған. Мұндай жаңашылдық әлем елдерінде де байқалады. Мәселен, Грецияда екпе салдырған 18 бен 25 жас аралығындағы азаматтарға 150 евродан беріледі. 1-ші қыркүйектен бастап иммундаудан өткен ресейліктер 100 мың рубль ұта алады екен. Ал Чехия, Италия, Индонезияда вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салынады.

Алтынай Казиканова