Қылмыс

СҚО-да мас күйде көлік басқарған 30 адам сотталды

Ауру қалса да, әдет қалмайды! Үстіміздегі жылы өңірде көлік жүргізу құқығынан айрыла тұра мас күйде рөлге отырған 30 кісі сотталған. Соның арасында ең ауыр жаза Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғынына қатысты қолданылған. 31 жастағы ер адам 2 жыл бұрын ішімдік ішіп алып рөлге отырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен. Биыл да дәл сондай күйде машина басқарған ол велосипедшіні қағып кеткен. Қос дөңгелекті көлік тізгіндеген қыз аман. Ал оны соққан жүргізуші 4 жылға бас бостандығынан айрылды.

Байболат Култанов