Қылмыс

СҚО-да есірткі саудасымен айналысқан көкшетаулық ұсталды

Ғ.Мүсірепов ауданында есірткі саудасымен айналысқан көкшетаулық ұсталды. 29 жастағы жігіт Новоишимское ауылына осыдан 3 ай бұрын келген. Жедел алдын алу шарасы барысында пысықайдың жалдап тұрып жатқан үйінен 4 келіден астам кептірілген марихуана мен 242 грамм гашиш табылған. Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жалпы, жыл басынан бері облыста есірткіге қатысты 200-ге жуық қылмыс тіркелген. Тәркіленіп алыған есірткі затының салмағы 300 келіден асады. Оның 4 келіден астамы – синтетикалық өнімдер.

Маржан Касымбек