Денсаулық сақтау

Петропавлда 1 тәулікте 37 адам коронавирусқа шалдыққан

Облыс аумағындағы эпидахуал әлі де мәз емес. Соңғы тәулікте 98 солтүстікқазақстандық тәж вирусын жұқтырған. Науқастардың басым бөлігінде, нақтырақ айтсақ 87-сінде ауру белгілері анық білінеді. Инфекция жұқтырғандардың дені әдеттегідей – қала тұрғындары. Петропавлда 37 адам сырқатқа шалдыққан. Жалпы, Қазақстанда бір күнде 1800-ден астам адамның ауру жұқтырғаны белгілі болды. Көш басында Алматы қаласы тұр. Онда бір күнде 500-ге жуық адам вирусқа шалдыққан. Вакциналауға келетін болсақ, 6 млн 700 мыңнан астам қазақстандық иммундаудың толық курсын қабылдаған. Өңірдегі бұл көрсеткіш 222 мыңнан асады.

Алтынай Казиканова