Денсаулық сақтау

СҚО-да соңғы тәулікте 100-ге жуық адам коронавирус жұқтырып алды

Коронавирусқа қарсы вакцинамен қамту жөнінен Қазақстан ТМД елдері арасында – 2-ші, ал әлем бойынша 42-ші орында тұр. Бұл туралы еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеді. Елде ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін халықтың 70 пайызы індетке қарсы екпе алуы тиіс. Соңғы деректерге сүйенсек, бүгінге дейін 6 млн 700 мыңнан астам қазақстандық иммундау шарасының толық курсынан өткен. Оның 221 мыңнан астамы – өңір тұрғындары. СҚО-да соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын 93 адам жұқтырып алды. Науқастардың басым бөлігі – петропавлдықтар.

Дана Ешкенова