Ауыл шаруашылығы

Өңірде 3,1 млн тонна дәнді дақыл жиналды

СҚО-да дәнді-дақылдарды жинау жұмыстары аяқталды. Өңір диқандары 3 млн гектар жердің астығын орып, қамбаға 3,1 млн тоннадан астам өнім құйған. Бұл ретте орташа гектар берекелігі 10,6 центнерді құрап отыр. Қазіргі таңда майлы дақылдар жиналып жатыр. Соңғы деректерге сүйенсек, аграршылар 647 мың гектардағы немесе майлы дақылдарға тиесілі жердің 67,6% пайызындағы ырыздықты жинап алған.

Дана Ешкенова