Қоғам

Бала туғанда берілетін жәрдемақыны рәсімдейтін жаңа жүйе іске қосылды

Елімізде бала туғанда берілетін жәрдемақыны рәсімдейтін жаңа жүйе іске қосылды. Дәлірек айтқанда бұл процесті енді екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы рәсімдеуге болады. Пилоттық жобаға әзірге тек Kaspi мен Halyk банктері қатысуда. Жаңашылдықтың ыңғайлылығы сол мемлекеттік қолдауға өтініш беру кезінде ЭЦҚ-кілттерін пайдаланудың және қосымша ақпаратты енгізудің қажеті жоқ. Өтінім мемлекеттік органмен қарастырылғаннан кейін қызметті алушыға жауап PUSH-хабарлама және SMS арқылы жіберіледі.

Эльмира Садвокасова